Айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеу мүмкіндігінен кімдер айырылады?

Комитет өкілі жол ережесін бестен көп рет бұзатын жүргізушілер жол апатын жасаса да, жол ережесін бұзуды тоқтатпайтынын атап өтті.

Бір жылда жол жүру ережесін бұзған 3 миллионнан астам жүргізуші анықталатын болса, соның 5 пайызы ғана 5-тен көп рет жол ережесін бұзғаны анықталды. Сол 5 пайыздың өзі жол апатына жиі түсуі мүмкін, дейді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев.

Комитет өкілі жол ережесін 5-тен көп рет бұзатын жұргізушілерді айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеу мүмкіндігінен айыру қарастырылып отырғанын айтты. Алайда бұл ұсыныс әлі заңға енгізілмегенін атап өтті.

«Ішкі істер министрлігінің жасаған сараптамасына байланысты осындай ұсыныстарға келіп жатырмыз. Бұл ұсыныстар әлі заңға енгізілген жоқ. Біздің сараптауымызша, жол ережесін бестен көп рет бұзатын жүргізушілер жол апатын жасаса да, жол ережесін бұзуды тоқтатпайды. Кей жүргізушілер жол ережесін әдейі бұзып, асығып жүре ме немесе жол ережесін білмей ме, жол белгілеріне, сызбаларына қарамай ма, айыппұлды елемейді. Айыппұлдан ешқандай эффект болмайды», – деп түсіндірді Жандос Мұратәлиев.

Комитет өкілі бұл өзгерістер жол ережесін өрескел бұзушыларға, жол апатына апарып соғатын бұзушылықтарға байланысты болатынын атап өтті. Сонымен қатар қоғамның, осы қызметпен арнайы айналысып отырған қызметкерлердің ұсыныстарын жинақтап, қыркүйек айында заңға ұсыныстар енгізуге дайындалып жатқанын айтты. Ол өзгерістер қоғаммен, басқа да мемлекеттік органдармен келісіп, қабылданса ғана, енгізілетінін атап өтті.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Бүгін – Абай Құнанбайұлының туған күні

Екі жылдан бері елімізде 10 тамыз — Ұлы ақынның құрметіне мерекелік дата ретінде аталып өтеді, …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.