Вторник, 20.04.2021

Airbus пен Boeing ұшақтарын қалай ажыратамыз?

Жолаушыларды тасымалдайтын ұшақтардың арасында ең танымалы осы екі ұшақ: Airbus пен Boeing. Біреуін Франция, енді біреуін АҚШ өндіреді. Былай қарасаңыз, екеуін ажырату қиын. Тек мамандар ғана айыра алады. Десе де бұл ұшақтардың тек өзіне ғана тән белгілері бар. Соларды біле жүргеніміз дұрыс.

Ұшақ тұмсығы

Ұшақтың ұшқыш отыратын кабина жағы, яғни, ұшақтың тұмсығын сәл-пәл анықтап қарасаңыз, екеуінде айырмасы барын байқауға болады.

Мәселен Airbus-тың тұмсығы шамалы мұқыл, жүзі кеткен пышақтың ұшы сияқты қайқы, доғалдау келеді. Ал Boeing ұшағының тұмысығы өткір қырлы, үшкір келеді.

Ұшақтың бұл айырмашылығы бірден көрінбеуі мүмкін. Сондықтан жақынырақ барып қарасаңыз, лайнердің біреуі бір беткей, екінші үшкірлеу екенін байқаймыз.

Кабинаның терезесі

Ұшақтың тұмсығын ажырата алуды білдік. Енді содан жоғарырақ қарасақ, пилот отыратын кабинаның біреуінде жайдақ орналасқанын, ал екіншісінде қаптал тұсы қырлы келетінін байқауға болады.

Яғни, Airbus-тың терезесі тура сызық күйінде келеді де, Boeing-тің бүйір жақ терезесі трапеция сияқты қиық бұрышты келеді.

Салонға кіреберіс есік

Ұшақтың сыртына қарап ажырата алмасаңыз, онда кіріп бара жатып ажыратудың оңай жолы бар. Ол – кіреберіс есіктің қалай ашылғаны. Мәселен егер ұшақтың есігі фюзеляжбен (ұшақтың корпусы) жапсарласып ашылса, онда Airbus-қа кіріп бара жатырсыз деген сөз. Ал пилот кабинасына қарай айқара ашық жатса, онда бұл – Boeing ұшағы болғаны. Яғни, Boeing-тің есігі кәдімгі бөлменің есігі сияқты ашылады.

Ұшақтың құйрығы

Ұшақтың құйрығы фюзеляжіне қосылар тұсты – форкиль деп атайды. Егер осы форкиль доғалданып барып фюзеляжіге қосылса, онда бұл – Airbus ұшағы. Ал форкиль сынық сияқты бұрылып барып қосылса, бұл – Boeing.

Ұшақ дөңгелегі

Екі ұшақтың арасындағы тағы бір үлкен айырмашылық – бұл дөңгелекте. Ұшақ тілімен айтқанда, шасси. Airbus-тың дөңгелегі ұшып бара жатып, корпустың астынан ойықшасы ашып, шасси түгелдей ішіне кіріп кетеді. Ал Boeing-те бұлай емес. Артқы дөңгелегі сыртта жатады. Мұны бір кемшілік не артықшылық деп айта алмаймыз. Бұл жай ғана инженерлердің өндірістік шешімі ғана.

massaget.kz

Автор: Корреспондент

Аватар

Читайте также

Қарағанды облысының киелі жерлері бойынша экскурсиялық турлар ұйымдастырылады

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні және «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында Қарағанды …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *