Хабар

Абай шахтасындағы апат: Жұмыс берушінің кінәсі 100 пайыз – министр

Абай шахтасындағы апатқа қаза тапқан жұмысшылардың кінәсі жоқ, барлық жауапкершілік «АрселорМиттал Теміртауға» жүктеледі.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «Абай шахтасындағы ТЖ тергеу бойынша үкіметтік комиссия жұмысының қорытындысы» тақырыбында өткен онлайн брифингте айтты.

Қарағанды облысынан онлайн брифингке шыққан министр Юрий Ильин Абай шахтасындағы төтенше оқиға бойынша құрылған Үкіметтік комиссия жұмысына Ресей мен Германиядан сарапшылар тартылғанын айтты.

“Комиссия жұмысшылардың кінәсі нөл пайызды құрайтынын анықтады. Яғни, шахтада зардап шегіп, қаза тапқан жұмысшылардың кінәсі мойындалмады. Жұмыс беруші «АрселорМиттал Теміртау» тарапынан кінә 100 пайыз деп танылды”, – деді министр.

Оның сөзінше, «АрселорМиттал» оқиға болғанға дейін жүзеге асырылмаған іс-шаралар болғанын айтты. Бұл апат өндірісте болғандықтан, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде рәсімделеді.

“Бүгінгі таңда комиссия өз жұмысын аяқтады. Комиссияның нақты лауазымды тұлғаны өз өкілеттіктерін орындамағаны немесе асыра пайдалануы, сапасыз орындағаны үшін кінәлі деп тануға құқығы жоқ. Жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесін анықтадық. Алдағы уақытта тергеу органдары қозғалған қылмыстық іс аясында іс-шаралар жүргізеді”, – деп толықтырды ТЖМ басшысы онлайн брифингте.

Еске салсақ, 7 қараша күні Қарғанды облысының Абай шахтасындағы төтенше жағдайдан бірнеше кенші қаза тапқан болатын.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button