Абай шахтасы жабыла ма: Министр жауабы

Биыл мамыр айында Қарағанды облысындағы Абай шахтасының жұмысын уақытша тоқтату керектігі туралы сотқа материал жолданған. 7 қарашада аталмыш шахтада 6 кеншінің қаза болуына байланысты Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізіп жатқан ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин осындай мәлімет берді.

Абай қаласындағы шахта жабыла ма? ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге Қарағандыда өтіп жатқан онлайн брифингіде осындай сұрақ қойылды.

«Бұл мәселе жеке тәртіппен қаралады. Биыл мамыр айында Қарағанды облысы бойынша өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің ескерту хаты негізінде сот органына аталған шахтаның жұмысын тоқтата тұру қажеттігі туралы материал жолданғанын еске салғым келеді. Материалдардың бәрі тапсырылып, біздің қызметкерлер қорытынды тексеруге шыққаннан кейін экономикалық сот шешімімен кен орнында жұмыс тоқтатуға негіз болатын кемшіліктер жойылғандықтан, жұмысын жалғастыруға рұқсат берілген. Шахтаның әрі қарай жұмыс істеуі ондағы метан қабаттарының, жалпы шахтаның жағдайына байланысты. Сонымен бірге осы оқиғадан кейінгі тексерудің қорытындысына да байланысты», — деді Юрий Ильин.

Еске салайық, 7 қараша күні сағат 08:24-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Абай» шахтасында метан газы тарай бастаған. Бұл уақытта шахтада 64 адам жұмыс істеп жатқан, 54-і эвакуацияланды. Апат салдарынан екі адам зардап шегіп, алты кенші қаза тапты. Зардап шеккендер ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан шахтерлердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің басшылығымен оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайтын мемлекеттік комиссия құрылды.

ҚР ТЖМ басшысы Юрий Ильин БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Көз жұмған 6 кенші метан газы тараған кезде құтқару құралын киіп үлгермей қалған. Министр шахтада көз жұмған кеншілердің отбасыларына 10 жылдық жалақы берілетінін, сондай-ақ несиелерін жабу, баспана беру, студент балаларының оқуын төлеу мәселелері пысықталатынын жеткізді.

inform.kz

Автор: Корреспондент

Читайте также

Шілдеден бастап көлік жүргізушілер еш құжатсыз жүре алады

еGov пен екінші деңгейлі банктер қосымшасында жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және техпаспорттың электронды нұсқасы сақталған. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.