9 шілдеде Құрбан айт мейрамы басталады

Құрбан айт намазынан кейін 3 күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет.

Мұсылман қауымның ұлық мейрамы – Құрбан айтқа санаулы күндер қалды. Биыл Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 9 шілде болып бекітілді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы айтты.

Бас мүфти Һижри жыл санауы бойынша 1443 жылдың зұлхижжа айының басталуы 30 маусым болып бекітілгенін айтты. Ал Арапа күні 8 шілдеге сәйкес келеді. Осылайша 9 шілде – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.

«Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық бергей. Ізгі ниетпен шалатын құрбандығымыз, қажылық сапарында жүрген жерлестеріміздің қажылығы қабыл болғай» – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бұл күндері мұсылмандар Жаратушының разылығы үшін құрбан шалып, жоқ-жітікке, жағдайы жұтаң жандарға көмектеседі. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр яки түйе шалуға болады. Құранда ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылманға, оның ішінде жолаушы еместерге және негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болғандарға құрбан шалу уәжіп делінген.

Бас мүфти халықты пендешілікке салынбай, пайда табу мен алыпсатарлыққа бармай, мал бағасын қымбаттатпауға, халықтың жағдайын ескеруге шақырды.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Ата-аналардың 60 пайызы баласының мектепте не оқып жатқанына мән бермейді

Биылғы оқу жылынан бастап мектепте өтетін ата-аналар жиналысының форматы өзгереді. Оқушылардың 60 пайызының ата-анасы мектепте …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.