Хабар

5G адамдарды толық бақылау үшін іске қосылғаны рас па

Әлеуметтік желілерде танымал конспиролог Марк Стилдің видеосы тарады. Оның айтуынша, атмосферада бірнеше жылдар бойы тыныс алу арқылы адам ағзаларына енетін қауіпті заттар шашылған. Қазір әлемде 5G форматындағы желілер белсенді іске қосылып жатыр, енді бұл адамдар «жарқырай» бастайды, олар бункерлер мен жертөлелерде жасырынбақ болса да, оларды бақылайды.

Алайда, stopfake.kz бұл деректің шындыққа жанаспайтынын дәлелдеді.

Біріншіден, бұл теорияны скептицизммен қабылдау керек, өйткені оның авторы – Марк Стил. Ол өзін қару-жарақ маманы деп атайды, бірақ оның тиісті біліктілікті қай жерде және қашан алғаны белгісіз. 2018 жылы ол көше шамдары қан кету мен қатерлі ісік ауруын тудыратын жаппай қырып-жою қаруы деп мәлімдеген. Сонымен қатар ол 5G технологиясын енгізуге қарсы сөздерімен де танымал. Дегенмен, оның барлық дәлелдері ғылымға қарсы және негізсіз.

Екіншіден, ұшақтардың көмегімен белгілі бір заттарды шашу теориясы конспирологиялық және ең танымал қастандық теорияларына жатады. Ұшақтардың қауіпті заттар шашатынына ешқандай дәлелдер жоқ. 1990 жылдары бұл теория пайда болғаннан бері белгісіз зат шашқан бірде-бір ұшақ немесе «қауіпті зат» табылмаған.

Үшіншіден, 5G технологиясы адамдарды жарқырата алмайды. 5G желілері 4G, Wi-Fi және кейбір полиция радарларымен бірдей диапазонда жұмыс істейді.

Яғни, осы жиіліктердің бірі Жер бетіндегі адамдарға жалпы бақылау жүргізуге көмектессе, онда бұл 5G технологиясын іске қосқаннан кейін емес, көп жылдан беері жүзеге асырылып келе жатқан болар еді.

Төртіншіден, Марк Стилдің теориясы мағынасыз, өйткені ол әлемдегі барлық адамдарды бақылау кімге не үшін керек деген сұраққа жауап бермейді. Мұндай бақылау жүйесіне көп техникалық қызмет көрсету персоналы мен қомақты қаржылық шығын қажет. Бұл реттемұндай байқаудың тиімділігі төмен болар еді, өйткені планетадағы адамдардың басым көпшілігінде жаһандық ауқымдағы маңызды құпия ақпарат жоқ.

Демек, таратылған видео – фейк және конспирология

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button