4 пайыздық несиемен қандай көліктер беріледі?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы туралы алғашқы мәліметтер жариялады. Бұл туралы Kolesa.kz жазды.

«ИИДМ 2027 жылға дейін жеңілдетілген автонесиеге 250 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл мақсатқа ел бюджетінен 150, ал «ӨКМ Операторы» ЖШС утильалым төлемінен 100 миллиард теңге жұмсалады. 2022 жылы бюджет тарапынан бастапқыда 30 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр. Келесі жылы 45, ал 2024 жылы 50 миллиард беріледі», – делінген хабарламада.

ИИДМ автомобиль құрастыру басқармасының қызметкері «ӨКМ Операторының» қаржысына байланысты мәселе әлі шешіліп жатқанын айтты. Үкімет утильалым төлемі тарапынан ақша бөлу идеясын қолдаған жағдайда, 100 миллиард теңге халықтың осал топтары үшін бастапқы жарнасыз несиеге бөлінеді. Бірақ көлік құны 10 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Сонымен қатар, жеңілдетілген автонесие үшін де осындай 10 миллион деген шекті бағаны белгілеу жоспарланып отыр. Бұдан қымбатырақ көлік сатып алғысы келгендерге айырмашылықты өз қалтасынан төлеулеріне тура келеді. Ал банктер тұтынушылардан бастапқы жарнаны талап ету немесе талап етпеу мәселесін өздері шешпек.

Ведомство өкілінің айтуынша, қазір 15 мыңнан астам қазақстандық жеңілдетілген автонесиеге кезекте тұр.

Автонесиелеудің жаңа бағдарламасы бойынша сатып алуға болатын (10 миллион теңгеге дейін) автокөліктердің тізімі төмендегідей:

Автор: Корреспондент

Читайте также

Мұғалім балаларға келемеждеудің соңы неге әкелетінін түсіндірудің тамаша амалын тапты

Бүгін сабаққа екі қызыл әдемі алма алып келдім. Балалар мұны көрмеді, бірақ алманың біреуін білдіртпей, …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.