Хабар

26 мамыр мен 19 маусым аралығында оқушылар жазғы мектептерде тегін білім ала алады

Балалар ата-аналарының өтініші бойынша жазғы мектепке қабылданады.

Қазақстанда 2020-2021 оқу жылы 25 мамырда аяқталады. 26 мамыр мен 19 маусым аралығында оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін барлық білім беру ұйымдарында жазғы мектептер ұйымдастырылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның аппарат мәжілісінде мәлімдеді.

Оқушылар жазғы мектепке ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініштері бойынша қабылданады. Жазғы мектепте білім алу – тегін. Сабақтар үлгерімі төмен оқушыларға назар аудара отырып ұйымдастырылады.

Жазғы мектепте сабақтар санитарлық талаптарға сай өтеді. Оқушыларға ешқандай үй тапсырмасы берілмейді. Мектепке еркін киініп келе алады.

Жазғы мектепте сабақ беретін мұғалімдерге ақы төлеу үшін қосымша қаржыландыру қажет емес. Ақы төлеу осы оқу жылына бекітілген оқу жүктемесімен қамтамасыз етіледі. Мұғалімдер 19 маусымнан кейін демалысқа шыға алады.

“Бұл ерікті шара және қосымша қаржыландыруды қажет етпейді. Қаржы түгелімен қамтамасыз етілді. Мұғалімдерге 56 күндік еңбек демалыс беріледі, ешқандай мәселе жоқ. Барлық жұмыс заңға сай ұйымдастырылады”, – деді Асхат Аймағамбетов.

Оның сөзінше, келер жылы толығымен қашықтан оқыған кейбір сыныптардың білім беру бағдарламасына биылғы оқу жылы мен пандамеия салдарын ескере отырып түзетулер енгізу қажет.

informburo.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button