25 маусымнан бастап Қарағанды облысының колледждеріне құжаттарды қабылдау басталады

25 маусымнан бастап Қарағанды облысының колледждері талапкерлерден құжаттарды қабылдауды бастайды. Биыл 9 сынып түлектері грантқа емтихансыз түсе алады. Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарды қоспағанда.

Қазақстанда колледждерге түсу ережелері өзгертілді. Оларға қабылдау үшін 9-сынып түлектеріне емтихан тапсырудың қажеті жоқ. Оларды аттестаттың орташа балы бойынша қабылдайды. Саралауды автоматтандырылған ақпараттық жүйе жүргізеді. Бұл ретте, мамандық таңдаудан бұрын талапкерлер mycollege.kz сайтында міндетті кәсіптік бағдарлау тестінен өтуі тиіс. Тестілеу болашақ студент үшін ұсынылатын мамандықтар тізімін таңдауға мүмкіндік береді.

«Бұрын колледждер студенттерді өздері қабылдап, емтихандар жүргізіп, оқуға қабылдайтын. Өткен жылдан бастап ережелер аздап өзгерді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және жақын байланысты азайту үшін түлектер еgov.kz сайты немесе автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы қабылдау үшін құжаттарды тапсырады. Біздің өңірде бұл mycollege.kz», – деді Қарағанды облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік оқыту бөлімінің басшысы Құралай Әбенова.

Өтініш берген кезде түлектер енді бұрынғыдай бір мамандық пен белгілі бір колледжді ғана емес, бірден төрт мамандық пен көптеген оқу орындарын таңдай алады. Ақпараттық жүйе талапкерлердің өтініштерін өзі саралайды және оларды колледждерге бөледі.

«Жұмыс мамандықтарына қабылдау үшін 9-сынып түлектеріне де кәсіптік бағдарлау тестінен өту қажет. Бұл ретте олар құжаттарын колледждерде тапсыра алады және автоматты түрде оқуға қабылданады. Ал педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер колледждерде қосымша емтихан тапсыратын болады», – деп толықтырды Құралай Әбенова.

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан түлектер колледждерге жеңілдікті шарттармен түсе алады. Бұл бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан балалар, жетімдер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Сондай-ақ ауыл жастары арасынан шыққан талапкерлер (ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін пайдалы мамандықтарға), ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар, Қазақстанның басқа өңірлерінен қоныс аударушылар (ауыл жастары арасынан шыққан).

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қазақстан жол сапасы жағынан әлемде 93-ші орында тұр – Үкімет

2022 жылы республикалық маңызы бар жолдардың 91% және жергілікті жолдардың 85% нормативтік жағдайға келтіру жоспарланған. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.