Хабар

2023 жылы МӘМС төлемдері қалай өзгерді

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мен айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) артуына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгерді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» хабарлады.

Жұмыс берушілер қызметкерлері үшін – жалақының 3%-ы мөлшерінде, бірақ

10 ЕТЖ-дан (ең төменгі жалақыдан) немесе 21 мың теңге артық емес.

Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтіндер

– табысының 2%-ы, бірақ

10 ЕТЖ-дан немесе 14 мың теңгеден артық емес.

Жеке кәсіпкерлер

ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 900 теңге.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар

✔ Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін БЖТ көлемі 1 АЕК құрайды, яғни 3 450 теңге;

✔ Қалған елді мекендердің тұрғындары үшін БЖТ көлемі 0,5 АЕК құрайды, яғни 1 725 теңге.

Дербес төлеушілер

1 ЕТЖ-ның 5%-ы немесе 3 500 теңге.

15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін мемлекет төлейді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button