Хабар

2023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілі түсіндірді.

Биыл тариф­тер­дің өсуіне екі фактор әсер етіп отыр. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Болатбаев “Егемен Қазақстан” газетіне берген сұхбатында айтты.

“Бірін­шісі – электр энергиясын өндіру бағасының өсуі. Бұл стансаларда жаңа қуаттар өндіруге және қолда бар тапшылықты азайтуға мүмкіндік береді. Екінші фактор заңға сәйкес енгізілетін инновацияларға байланысты. Бұл бірінші кезекте инженерлік инфрақұрылымның тозуын азайтуға, табиғи монопо­лиялар сала­сындағы қызмет­керлердің жалақысын арттыруға, иесіз желі­лерге жұмсалатын шы­ғыс­тарды өтеуге қатысты”, – деп түсіндірді Нұрлан Болатбаев.

Комитет өкілі қазір желілердің тосу деңгейі артқанын, бұл ұсынылатын коммуналдық қыз­меттердің сапасы мен сенім­ділігіне әсер ететінін атап өтті. Алайда, әзірге тарифтердің белгілі бір өсуі туралы айтуға ертерек екенін жеткізді.

“Өйткені әр­бір жағдай инженерлік инфра­құрылымның техника­лық жағ­дайына және өңірлер­дегі әлеу­меттік-экономикалық жағдайға байланысты жеке қаралатын болады. Сондай-ақ бұл табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдерін беруге байланысты және біз олардың деңгейінен шығатын боламыз. Өтінімдер біртіндеп келіп түседі және тарифтердің өсуі “Табиғи монополиялар туралы” заң аясында қабылданған жаңалықтарға байланысты болады. Тарифтердің қашан көтерілетіні өтініш беруге байланысты. Десе де, біздің болжам бо­йынша, тарифтердің өсуі энергия өндіруші ұйымдардағы бағаның өсуіне, желілердің тозу деңгейіне, өңірдің қажеттілігіне және табиғи монополиялар субъектілерінің өтінімдеріне байланысты орташа есеппен 10-20 пайызды құрауы мүмкін”, – деді ол.

Нұрлан Болатбаевтың айтуынша, тариф­тердің өсуі 2029 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізі­леді. Бұл тарифті бірден 2-3 есе арттыруға жол бермеу үшін қажет.

“Біз тұтыну­шылардың әлеуметтік және экономикалық жағдайына назар аударамыз”, – дейді комитет өкілі.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button