Понедельник, 16.05.2022

2022 жылы білім гранттарының саны 5 мыңға артады

2025 жылға дейін білім беру гранттарының саны кезең-кезеңімен тағы да 15 мыңға артады.

2022 жылы қазақстандық ЖОО-ларда оқуға арналған білім гранттарының саны тағы 5 мыңға артады. Осылайша, гранттардың жалпы саны 61 мыңға дейін жетеді, деп хабарлады Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

2021 жылы кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 5 мыңға, яғни 51 мыңнан 56 мың грантқа дейін көбейтілген. Жаңа гранттар студенттер арасында сұранысқа ие және өзекті мамандықтарға бөлінеді. Білім беру гранттарын бөлу кезінде азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін квоталар көзделген.

«Президенттің қолдауының арқасында бюджет есебінен оқуға мүмкіндік алған қазақстандық мектеп түлектерінің саны артты. Мысалы, былтыр бізге 75 мыңнан астам өтінім түсті. Оның ішінде 56 мыңнан астам талапкер грант алды. Биыл гранттар саны 61 мыңға жетеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін квоталар санын ұлғайттық. Яғни, көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ отбасыларында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған талапкерлер грант алу үшін әлдеқайда көп мүмкіндіктерге ие болады», – деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру үшін 2025 жылға дейін білім беру гранттарының саны кезең-кезеңімен тағы да 15 мыңға артады.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Алғашқы қазақ киносы

Бала күнімде халық батыры Амангелді Иманов туралы түсірілген фильмді сан мәрте көрдім. Бірақ оның ұлттық …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.