Воскресенье, 26.06.2022

2022 жылы ҰБТ тапсыруға қосымша 40 минут уақыт беріледі

Бұл жеңілдікке ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерлер ғана ие бола алады.

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022 жылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлерге ҰБТ тапсыру үшін қосымша уақыт беріледі. Осылайша, көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған оқуға түсушілер негізгі 240 минуттан басқа тестілеу тапсырмаларын орындау үшін қосымша 40 минут алады. Яғни, олар ҰБТ-ны басқаларға қарағанда ұзағырақ – 4 сағат 40 минут ішінде тапсыра алады.

«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін ҰБТ тапсыру уақыты тағы 40 минутқа ұзартылады. Сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар талапкерлерге арналған тапсырмалардың мазмұнына да өзгерістер енгізіледі. Олар үшін сызбаларсыз, диаграммаларсыз тест нұсқалары жасалды», – деді БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Бұл ретте тестілеуді тапсыру кезінде ашықтық қағидатын қамтамасыз ету маңызды. Осыған дейін министрлік кешенді шаралар қабылдаған болатын. Келесі жылы тестілеу «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидаты бойынша жүргізіледі. Оқуға түсушінің жұмыс орнында негізгі камерадан басқа, тестіленушінің дыбысын жазу және қозғалысын тіркеу үшін қосымша алдыңғы веб-камера орнатылады.

ҰБТ-2022 аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың соңына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе басқа да бұзушылық фактілері анықталған жағдайда, оқуға түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Айта кетейік, 2022 жылы ҰБТ электронды форматта өтеді. Оқуға түсушілер дәстүрлі түрде 3 міндетті пәнді (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейінді пәнді тапсырады.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Ыстық күндері қалай терлемеуге болады?

Тер бөліну бірнеше маңызды қызметтерді атқарады. Солардың бірі — жылуды реттеу. Сондай-ақ, термен бірге ағзадан …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.