Воскресенье, 26.06.2022

2022 жылы Қазгидромет туристік бағыттар бойынша ауа райы болжамын жариялайды

«Қазгидромет» РМК туристік бағдарлар бойынша болжамды іске қосады. 2022 жылдан бастап Қазгидрометтің ресми сайтында, туристер арасында танымал пункттер бойынша ауа райы болжамы көрсетілетін болады.

Қазіргі уақытта туристік аймақтардың пункттері бойынша болжам 8 облыста жүргізіледі: Алматы, Ақмола, ШҚО, Қарағанды, Павлодар, Түркістан және Маңғыстау.

Кіші Алматы өтетін, Алматы облысы бойынша болжамдар аса сұранысқа ие. Еліміздің солтүстік бөлігінде Бурабай курорты бойынша бағыттар танымал. Бұл жыл бойы өткізілетін бір-екі күндік туристік сапарлар. Жазда — жаяу, қыста — жаңа жылдық және мерекелік сапарлар.

Туристік аймақтар үшін ауа райын болжаудың қиындығы — танымал жерлердің географиялық орналасуына, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты қысқа мерзімде болжамдардың күрт өзгеруінде болып отыр.

Мәселен, егер таулардың етегінде метеорологиялық станция бұлтсыз ауа райын тіркесе, онда таулы жерлерде жауын-шашын болуы мүмкін. Сондықтан бір бағытта, бірнеше метеостанциялардың мәліметтері бойынша болжамдар біріктіріледі. Осылай, туристер, гидтер мен туроператорлар туристік аймақтарда орналасқан жеке пункттер бойынша синоптиктердің болжамдарына назар аудара отырып, бағыттарды жоспарлауы қажет.

Бұл географиялық нүктелер тізімінің соңғы нұсқасы емес. Жерүсті бақылау желісінің ұлғаюына қарай Қазгидромет кезең-кезеңімен басқа географиялық нүктелерді қосуды, сондай-ақ қорықтар ішіндегі Автоматты метеорологиялық станциялардың (АМС) санын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда үш АМС орнатылған: Шарын шатқалы, Көлсай көлі және Түрген шатқалы.

Туристік маршруттар пункттері бойынша ауа райы болжамын жасау кезінде, болжаудың сандық әдісі пайдаланылады. Ауа райын болжаудың сандық моделі — бұл ағымдағы дәлелдерге негізделген болжамды құрайтын компьютерлік бағдарлама.

«Модельдер үшін бастапқы деректер ретінде метеозондтардан, метеоспутниктерден және жерүсті метеостанциялардан келетін ақпарат пайдаланылады. Бұл модель, бүкіл жерді қамтитын ғаламдық немесе планетаның жеке бөлігін қамтитын жергілікті болуы мүмкін», — делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Обзор на высокопроизводительный энергоэффективный монитор Philips 272B1G*

Недавно Philips выпустила новый 27-дюймовый, энергоэффективный монитор. Данная модель в первую очередь разработана для работы …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.