Хабар

2022 жылы қазақстандықтар 121 күн демалады

105 демалыс күні сенбі-жексенбі күндерінің есебінен болса, 16-сы – мереке күндері.

2022 жылы 1-2 қаңтар – Жаңа жыл мерекесі күндері демалысқа тура келетіндіктен, қазақстандықтар 3-4 қаңтар күндері де демалады. Мұнымен қатар, Қазақстанда екі діни мереке күндері демалыс деп жарияланғандықтан, 7 қаңтарда Рождество мерекесі жұмаға түсіп, 7, 8, 9 қаңтар демалыс болады.

Әрі қарай қазақстандықтар халықаралық әйелдер күніне орай 6, 7, 8 наурыз және Наурыз мерекесінде 19-23 аралығында 5 күн демалады. 5 наурыз жұмыс күні болып бекітілді.

Мамыр айында 3 мереке күні бар. Олар:

  • 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
  • 7 мамыр – Отан қорғаушылары күні;
  • 9 мамыр – Жеңіс күні.

Алғашқысы жексенбіге түсетіндіктен, 2 мамыр күні демалыс. Ал 7 мамыр Отан қорғаушылары күні мен 9 мамыр Жеңіс күніне орай 4 күн демалыс болады.

6 шілде – астананың туған күнінде және 20 шілде Құрбан айт мерекесінде демалыс болады. Екі мереке де аптаның сәрсенбі күніне түсіп тұр.

Конституция күні сейсенбіге түседі. Премьер-министр қаулысына сәйкес, 27 тамыз сенбі жұмыс күні болады. Осы орайда, қазақстандықтар мерекенің құрметіне 28, 29, 30 тамыз күндері демалады.

Сондай-ақ, тұңғыш президент күні 1 желтоқсанда және Тәуелсіздік күніне орай 16-19 желтоқсан демалыс.

Қазақстандықтар 2022 жылы барлығы 121 күн демалады. 105 демалыс күні сенбі-жексенбі күндерінің есебінен болса, 16-сы – мереке күндері.

Еске салсақ, 31 желтоқсан күні көлік иелеріне қызмет көрсететін орталықтар сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал құжаттарды қабылдау сағат 16:00-ге дейін жалғасады.

Мереке күндері (1-4 және 7 қаңтар) барлық мамандандырылған ХҚКО жабық болады. 5-6, 8 қаңтар күндері әдеттегідей жұмыс істейді.

Мұнымен қатар, қазақстандықтар демалатын күндері автомобильді Kaspi.kz қосымшасы арқылы қайта тіркеу мүмкін болмайды.

Статьи по теме

Back to top button