Хабар

2022 жылдың басты түсі қандай болады?

Дәстүр бойынша, желтоқсан айында Pantone түстер институты алдағы жылдың негізгі түсін жариялады.

Сарапшылардың пікірінше, 2022 жылда сәнде болатын түс көктің негізгі реңіне күлгін-қызыл ноталар қосу арқылы алынады. Ол Very Peri деп аталды. Ұйым сайтында Very Peri жылы түс, оның қолданылуы шығармашылыққа шабыт береді делінген. Институт бұл таңдауға қатысты “батыл һәм еркін шығармашылық пен қиял әлемінде қалықтауға итермелейтін өміршеңдік пен көңілді динамиканы көрсететін түс” деген анықтама берді.

“Жылдың Pantone түсі” түстер институты бағдарламасының тарихында алғаш рет болып жатқан жаһандық өзгерістер мен инновацияларды көрсетіп отыр. Қоғамға түс адамдар арасындағы қарым-қатынас тәсілдерінің біріне айналып, эмоцияларға әсер ете алатын, адамдарды бір-бірімен байланыстыра алатынын күш екенін түсіндіруді жалғастыра отырып, қызыл және күлгін түстермен астасып жатқан көк түстің жаңа реңктерінің әмбебаптығы оның үлкен мүмкіндіктерін көрсететінін айтпақпыз”, – деді Pantone Түс институтының вице-президенті Лорри Прессман.

Pantone зерттеу компаниясы түстердің әртүрлі салаларға (сән, баспа ісі, интерьер дизайны, жарнама, кино және т.б.) қалай ықпал ететінін анықтайды. Институт 2000 жылдан бері басты түсті анықтап келеді.

Былтыр Pantone 2021 жылдың түсі деп тоқ сұр және сары түстерді атады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button