Хабар

200 мыңдай жұмысшының жалақысын көтеру көзделіп отыр – Тоғжанов

Мұндай талапты ел Президенті бірінші рет қойып отыр.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

“Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халық табысын арттыру бағдарламасы оның ішінде оны іске асыру жолдарын қарастыру туралы тапсырма берілді. Бұл бағдарлама Үкімет қаулысымен қабылданды”, – деді “Самұрық-қазына” АҚ компаниялар тобы өндірістік персоналының табысын арттыру туралы өтіп жатқан брифингте.

Ол «Самұрық-қазына» қорындағы 200 мыңдай жұмыс істейтін азаматтардың табысын арттыру көзделгенін айтты.

“Халық үшін өте маңызды жоба. Өйткені бұл бүкіл Қазақстан халқының – әл-ауқаты деп айтсам артық айтпаймын. Халық табысын арттыру бағдарламасына бүкіл министрліктер жауапты. Оның жүзеге асуына бүкіл аймақтағы әкімдер де жауапты. Неге десеңіздер, осы бағыт ел халқының әл-ауқатын жақсартуға, нақты жұмыс орындарын құруға бағытталады”, – деді Ералы Тоғжанов.

Тоғжановтың айтуынша, әрбір салалардағы өзгеріс пен ірі өндіріс орындары бойынша қабылданатын шараларды халық білуі қажет.

“Бүгін нақты әр сала бойынша талқылау болады. Оның ішінде, әсіресе өндірістік персоналдарда жұмцс істейтін қызметкерлердің азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, жалақыларын арттыруға байланысты ауқымды квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың орны туралы жиын өткізіп жатырмыз”, – деп атап өтті ол.

BAQ.KZ

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button