
1940 қазақстандыққа жыл басынан бері арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды
2025 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген 1940 қазақстандыққа арнайы әлеуметтік төлем (АӘТ) тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға жалпы 1957 адам өтініш білдірген.
АӘТ екі (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) немесе төрт көзден (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру компаниясы) тағайындалады.
Өңірлер бөлінісінде арнайы әлеуметтік төлемді тағайындауға жүгінгендердің ең көп саны Қарағанды облысында тіркелген (екі дереккөз – 17 адам, төрт дереккөз – 217 адам).
Бұрын хабарланғандай 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.
Арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін 55 жасқа толу және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарттар болып табылады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңілірек жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша АӘТ 13 568 азаматқа тағайындалған. Төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгеден асты.