10 қаңтардан ақшаны Қазпоштадан алуға болады

10 қаңтардан бастап ақшаны «Қазпошта» бөлімшелерінен алуға болады. Бұл туралы «Қазпошта» акционерлік қоғамынан мәлім етті.

Бүгіннен «Қазпоштаның» елдегі барлық бөлімшелері ашылады және зейнетақы төлемдері іске асырыла бастайды.

«Қазіргі таңда банкоматтарға ақша салу жұмыстары аяқталып қалды. Осы ретте 10 қаңтардан бастап Казпошта бөлімшелері мен банкоматтарыннан ақша шешуге болады. Сонымен бірге Қазақстан бойынша магистральді бағыттардың іске қосылуына байланысты компания 10 қаңтардан бастап пошталық қызметін қайта бастайды», — деді Қазпошта АҚ департаментінің директоры Алина Жанқұлова.

Еске сала кетейік, Қарағандыда Halyk Bank банкоматтары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Қарағанды қаласы әкімдігінің хабарлауынша, Halyk Bank банкоматтары қолма қол ақшамен толығып, қалыпты жұмыс істеп тұр. Қалада 219 банкомат бар.

Kaspi Bank картасын ұстаушылар Halyk Bank банкомат желілерінен комиссиясыз қолма-қол ақша ала алады.

Тұрғындардан үрейге бой бермей, банкоматтардан дереу ақша шешіп алуға асықпауды сұрайды.

Сондай-ақ, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша жедел желі жұмысын жалғастыруда: (8-7212) 30-01-36.

Төтенше жағдай туралы сауалдарға жауап алу үшін 109 тегін қызметі тәулік бойы қолжетімді.

Құқықтық ақпараттық қызмет тәулік бойы жұмыс режиміне көшті. Азаматтар құқықтық сипаттағы сұрақтар бойынша +7 (7172) 58 00 58 немесе 119 call-center нөмірлері жауап ала алады.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Алғашқы қазақ киносы

Бала күнімде халық батыры Амангелді Иманов туралы түсірілген фильмді сан мәрте көрдім. Бірақ оның ұлттық …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.