1 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында халықаралық ақындар айтысы өтеді

Айтысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолияның айтыскер ақындары қатысады.

1 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай елді мекенінде халықаралық «Алтайдай жер қайда?!» ақындар айтысы өтеді.

Өнер додасына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолияның айтыскер ақындары қатысып, бақ сынайды.

Қазақстаннан Бекарыс Шойбеков, Мұхтар Ниязов, Ринат Зайытов, Еркебұлан Қайназаров, Рүстем Қайыртай, Әсем Ереже, Шұғайып Сезімхан, Қалижан Ділдашев, Қазірет Бердіхан, Жарқын Жұпархан, Серік Қуанған, Ардабек Ақбаба сынды ақындар айтысады.

Айтысқа Алмас Ахметбек, Ұлықбек Есдаулет, Серік Құсанбаев, Серік Қалиев, Дәулеткерей Кәпұлы, Кәмел Жүністегі қазылық етеді. Сөз додасын ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізеді.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қазақстанның қай өңірлерінде ауа тым қатты ластанған?

Атмосфераға шығатын ластауыш заттардың жартысынан көбі Павлодар мен Қарағанды облысына тиесілі. 2021 жылы барлық стационар …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.