Хабар

1 ақпан – Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік қызметі күні

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі 1 ақпанда сағат 15:00-де әуежайлардың, әуе компаниялардың және “Қазаэронавигация” РМК-ның белсенді қатысуымен Азаматтық авиацияның авиациялық қауіпсіздік қызметінің құрылғанына 30 жыл толуына және Қазақстан авиакәсіпорындарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің қызметкерлерін марапаттау күніне арналған бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн режимінде салтанатты іс-шара өткізеді.

ИКАО стандарттарына сәйкес ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында 74% көрсеткішпен II орын алады, әуежайлардың қауіпсіздік деңгейі 83% құрайды. 2009 жылғы аудитпен салыстырғанда прогресс 21% — ды құрады – бұл авиациялық қауіпсіздіктің орташа әлемдік көрсеткішінен 11%-ға жоғары (72%).

Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыруда елеулі ілгерілеу мен қол жеткізілген прогресті ескере отырып, Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің (ИКАО) жоғары наградасымен атап өтілді. Айта кету керек, мұндай тану үшін ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті соңғы жылдары авиациялық қауіпсіздікті дамыту саласында ауқымды жұмыстар атқарды.

Бұл заңнаманы жақсарту және авиациялық қауіпсіздік саласында ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасын уақтылы енгізу. Үкіметтің қаулысымен авиациялық қауіпсіздік саласындағы ИКАО-ның барлық соңғы стандарттары енгізілген “Авиациялық қауіпсіздіктің ұлттық бағдарламасы” әзірленіп, бекітілді. 2018-2019 жылдар аралығында ҚР Үкіметінің 3 қаулысы мен авиациялық қауіпсіздік жөніндегі министрдің 8 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, қайта қаралды.

Азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін авиациялық қауіпсіздік қызметі барлық бөлімшелердің ең көп саны бар қызметі болып табылатын, саны 2 500-ден астам маманнан тұратын ұйымшыл құрылымды білдіреді.

Кеңесте өткен жылғы авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша қорытындылар шығарылады, әуежайлар мен әуе компаниялардың баяндамалары тыңдалады, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің авиациялық қауіпсіздік департаментінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарлары айтылады.

Қызмет нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мынадай номинациялар мен көтермелеулер бойынша марапаттау өтеді:

– “Авиациялық қауіпсіздік қызметінің құрметті қызметкері”;

– “Авиациялық қауіпсіздік қызметінің ардагері”;

– “Жұмыстағы кәсібилігі мен жоғары нәтижелері үшін”;

– Қазақстанның авиациялық әкімшілігі басшылығының “Алғыс хаты”.

Мұндай іс-шара алғаш рет өткізіліп отыр және жыл сайын өткізілетін болады.

Айта кету керек, 1991 жылғы 1 ақпанда Алматы қаласының әуежайында Қазақ КСР Алматы авиациялық жасағы командирінің бұйрығымен елімізде алғаш рет авиациялық қауіпсіздік қызметі (АҚҚ) құрылды. Бірінші авиациялық қауіпсіздік қызметінің құрылғанына 30 жыл толуына орай және авиациялық қауіпсіздік жөніндегі республикалық кеңеске қатысушылардың 2019 жылғы 24 желтоқсандағы шешіміне сәйкес, АҚҚ қызметінің маңыздылығын көтермелеу және тану мақсатында “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ-ның бұйрығымен әрбір күнтізбелік жылдың 1 ақпаны авиациялық қауіпсіздік қызметінің ардагерлері мен қызметкерлерін марапаттау күні болып бекітілді.

Ақпарат көзі: egemen.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button