Хабар

Өнімнің халал екенін анықтауға арналған Halal Guide қосымшасы іске қосылды

Еліміздің қай аймағында болсаңыз да, сізге халал өнімді табуға көмектесетін «Halal Guide» мобильді қосымшасы іске қосылды.

Бұдан былай «ҚМДБ халал» өнімдер тізімін андройд платформасына арналған мобильді қосымша арқылы жеңіл іздеп, таба аласыздар!

Қосымша мәліметтері halaldamu.kz сайтындағы ресми ақпарат негізінде үнемі жаңартылып отырады.

Өнімнің халал екенін жылдам анықтауға арналған Halal Guide мобильді қосымшасы іске қосылды, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

Қосымшаның негізгі қызметі – “QMDB Halal” өнімдерді іздеу функциясын қолжетімді ету. Halal Guide қосымшасында көрсетілген барлық деректер halaldamu.kz сайтында көрсетілген ресми ақпараттар негізінде жасалған және әрдайым жаңартылып отырады. Кәсіби мамандардың ұзақмерзімді ізденісі нәтижесінде дайындалған қосымшасының бірнеше артықшылығы бар:

Кез-келген өнім не кәсіпорынның “Халал Дамудан” сертификаттаудан өткен-өтпегенін жылдам тексеруге мүмкіндік береді;
Өнім қаптамасында көрсетілген “Е тағамдық қоспалардың” рұқсат етілген, рұқсат етілмеген, күмәнді түрлерін лезде анықтауға болады.
Халал тамақтану орны, ет дүкені секілді кез-келген сертификатталған кәсіпорын мекен-жайы 2Gis картасы арқылы көрсетіледі.

Қосымшаны App Store, Play market арқылы жүктеп алуға болады.

«Halal Guide» Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына тиесілі «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымының ресми қосымшасы.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button