Хабар

Әлихан Бөкейханның жаңа фотосы табылды

Алашорданың негізін қалаушы әрі ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның жаңа фотосуреті табылды. Бұл туралы тарихшы, алаштанушы ғалым Сұлтан Хан Жүсіп facebook-тегі парақшасында жариялады.

Сүйінші, Алаш азаматтары! Алты Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның тағы бір жаңа фотосуреті табылды. Бұл жолы да тарихи фотоқұжатты әріптесіміз, таяуда ғана Алаш тақырыбын зерттеп, насихаттауға қосқан үлесі үшін «Қазақ Республикасына 100 жыл» төсбелгісімен (медалімен) марапатталған ізденімпаз журналист Серікбол Хасан қазбалап жүріп, тауып алыпты. Серікболға Алаш аруақтары атынан, Алаш қайраткерлерінің сөзімен Тәңірі жарылқасын айтамын! Ал енді суреттің өзіне келсек, фотоқұжатта Омбы қаласында шыға бастаған ең алғашқы бейресми тәуелсіз «Степной край» газетінің ұжымы бейнеленіпті: Үшінші қатарда, солдан оңға қарай төртінші тұрған жас Әлиханның бейнесі көзге оттай басылады. Егер Әлиханның «Степной край» газетінде С.-Петербор оқуы мен «Тобыл экспедициясынан» кейін Омбыға оралған 1895-дан 1897 жылға қызмет істегенін ескерсек, бұл фотосурет 1895-1897 жылдары түсірілген болса керек. Әлихан ол кезде 29-31 жаста болатын, – деп жазды ол.

Ал журналист Серікбол Хасан өзінің желідегі парақшасында сурет Ресейдің саяси тарихы мемлекеттік музейі қорында сақталғанын жазды.

Әлихан Бөкейханның «Степной край» газетінде қызмет етіп жүргенде әріптестерімен түскен суреті. Фото Ресей музей қорының мемлекеттік каталогы сайтынан табылды. Ресейдің саяси тарихы мемлекеттік музейі қорында сақталған сурет екен…, – деп жазды журналист.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button