Хабар

Әлемнің ең үздік 500 университетінің тізіміне қазақстандық үш ЖОО ғана енді

Олар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

2021 жылдың басында QS World University Rankings рейтингіне 13 қазақстандық университет қатысты. Олардың ішінде ТОП-500-ге тек үш университет ілікті. Олар: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Мқхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. Тағы 7 университет ТОП-1000 қатарына енді. Ал Академик Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті және Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті тіпті ең үздік мыңдықтың қатарына кірген жоқ. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.

QS World University Rankings рейтингісіне сәйкес 2021 жылғы ең үздік әлемдік университеттер көшін келесі оқу орындары бастап тұр:

2025 жылға қарай QS WUR халықаралық рейтингіне қатысатын университеттер санын 15-ке дейін арттыру жоспарланып отыр

2020-2021 оқу жылының басына қарай елімізде жоғары білім саласында 125 дербес білім беру мекемесі және 4 дербес емес оқу орыны (филиалдар) жұмыс істеді. Онда 576,6 мың студент оқыды – бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,6 пайызға аз. Бұл ретте оқудан шығып кеткен студенттер саны бірден – 1,9 есе яғни, 115,2 мың адамға дейін айтарлықтай өсті. Оның ішінде 22,5 мың адам – қаржылық қиындықтарға байланысты оқуын тастап кеткен. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,8 пайызға.

Жоғары білім саласында 2025 жылға қарай кәсіби стандарттарға негізделген білім беру бағдарламаларын 100% жаңарту міндеті қойылды, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы. Жоғары білім беру тиімділігінің көрсеткіштерінің бірі университеттердің әлемдік рейтингтерде көрінуі болады. 2025 жылға қарай QS WUR рейтингінде белгіленген қазақстандық жоғары оқу орындарының санын 15-ке дейін өсіру көзделген.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button