Хабар

Ұшақ билетінің құнын белгілеу кезінде қандай шығындар ескеріледі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов Қазақстанда ұшақ билетінің құнын белгілеу кезінде қандай шығындар ескерілетінін айтты.

Осы орайда ол елімізде билет құнын қалыптастыру саласын реттеу ескерілмегенін, бұл бағытта нарықтық тетік қолданылып жатқанын жеткізді.

Вице-министрдің айтуынша, тариф құрылымында негізінен жанармай құны, ұшақты пайдалану кезіндегі шығындар, лизинг, әуежай қызметі мен еңбекақы қоры ескеріледі.

«Ішкі нарықта авиакеросиннің тапшылығы және оның қымбат болуы – елдегі азаматтық авиацияның дамуын тежейтін, сондай-ақ баға белгілеуге әсер ететін негізгі факторлардың бірі. 2022 жылы авиакеросинді өндіру мен тұтыну арасында теңгерімсіздік болды. Өндіру көлемі шамамен 650 мың тонна болса, ал жағылған отын 806 мың тоннаға жетті», – деді А. Ыдырысов Сенатта еліміздегі әуе көлігі мәселелеріне қатысты жиын барысында.

Оның айтуынша, әуе авиакомпаниялары шығындарының 80 пайызға жуығы шетел валютасымен төленеді. Соның ішінде әуе кемелерін сатып алу немесе лизингке алу, қосалқы бөлшектерді жеткізу және басқа да шығындар.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button