Хабар

ҰБТ-2023: Оқуға түсу үшін қанша балл жинау қажет?

Әр пән бойынша ең кемі 5 балл жинай алмаған талапкер жоғары оқу орнына түсе алмайды.

Ұлттық тестілеу орталығы түрлі мамандықтар бойынша 2023 жылғы ҰБТ шекті балын хабарлады.

Білім беру салалары бойынша 2023 жылғы шекті балдар келесідей:

“Құқық” – кемінде 75 балл;
“Педагогикалық ғылымдар” – кемінде 75 балл;
“Денсаулық сақтау” – кемінде 70 балл;
“Ауыл шаруашылығы және биоресурстар”, “Ветеринария” – кемінде 60 балл.

Сондай-ақ, ұлттық жоғары оқу орындарында білім алу үшін кемінде 65 балл жинау қажет болса, басқа оқу орындарының шекті балы 50 балл болып белгіленген. Әр пән бойынша шекті балл – 5 балл.

Ескерте кетейік, әр жоғары оқу орны білім беру бағдарламары тобы бойынша өз шекті балын белгілейді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button