Хабар

ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтары. Қашан және қалай қатысуға болады?

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ға дайындалуға арналған тегін онлайн-сабақтар өткізіп жатыр, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі.

Онлайн сабақтар ірі республикалық білім беру орталықтарымен бірлесіп әзірленді. Сабақтар білім беру орталықтарының YouTube арналарында тікелей эфирде өткізіледі. Онлайн сабақтардың барлық эфирі талапкерлер кез келген уақытта көре алауы үшін сақталады.

“Министрлік тестілеу кезінде ғана емес, оның басталуына дейін де қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Түлектердің ҰБТ-ға дайындығын ұлттық тестілеу орталығы білім беру орталықтарымен бірлесіп екінші жыл өткізіп отыр. Өткен жылы 376 сағат онлайн сабақтар өткізілді. Оған еліміздің барлық өңірінің мектеп түлектері қатысты. Олар қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, математика, химия, биология, физика, география және басқа да пәндер бойынша дайындықтан өтті. Биыл өткен жылмен салыстырғанда түлектерді қабылдау емтихандарына дайындауға қатысып жатқан білім беру орталықтары мен онлайн-платформалар саны артты. Жоба бюджет қаражатын жұмсамай іске асырылғанын атап өткім келеді”, — деді БҒМ ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Осылайша, ұлттық тестілеу орталығы мен ірі білім беру орталықтары түлектерге емтиханға сәтті дайындалуға көмектеседі. Талапкерлерге арналған онлайн-сабақтар осы оқу жылының соңына дейін жалғасады.

Тегін онлайн сабақтар мына кесте бойынша өткізіледі:

Qazbilim орталығы – Qazbilim.tv YouTube каналында тікелей эфирде қазақ тілінде күн сайын сағат 20.00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша);
Educon Dostyk – DostyQbilim youtube арнасында тікелей эфирде әр сейсенбі күні сағат 19.00-де қазақ тілінде, сағат 20.00-де орыс тілінде;
Zerdeli – әр сейсенбі мен бейсенбі күндері сағат 20.00-де Zerdeli.kz YouTube арнасында;
Sabaq online – әр сенбі сайын сағат 15.00-де Sabaq online YouTube арнасында;
Samga – жұма күні сағат 20.00-де Samga online YouTube арнасында;
Daryn online – әр сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері сағат 18.00-де Daryn online YouTube арнасында тікелей эфирде дайындық сабақтарын өткізеді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button