Хабар

Қосымшаның көмегі елеулі

Былтыр Ішкі істер министрлігі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «102» мобильді қосымшасын іске қосқаны белгілі. Жаңа жүйе қолға алынғаннан бері тұрғындармен байланыс нығайып, өзара диалог қалыптаса бастағаны байқалады.

Министрлік алдында тұрған міндеттердің бірі – заманауи технологиялық, азаматтардың сеніміне ие ішкі істер органдары жүйесін құру. Ақпараттық технологиялардың қазіргі даму деңгейінде кез келген ақпарат тез таралады. Сәйкесінше, по­ли­цияның азаматтардың хабар­ла­маларына ден қоюы да жедел болғаны қажет-ақ. Күн са­йын республика бойынша по­­ли­­цияның жедел басқару орта­лық­­тарының операторлары 102-арнаға келіп түскен 10 мыңға жуық хабарламаға жауап береді екен. Сонымен бірге оқиға туралы ақпарат полицияға емес, әлеуметтік желілерге жіберілетін жағдайлар да көп кездеседі. Әдетте, түр­лі оқиғалардың куә­гер­­лері фото­суреттерді немесе видеоларды өз парақшаларына салады немесе танымал паб­лик­терге жібереді. Бұл оқиғаларды тәртіп сақ­шы­­лары әлеуметтік же­л­і­­лерді бақылау кезінде анық­тай­ды. Бұл ретте полиция қыз­мет­керлері құқық бұзу­шы­лық­тың жолын кесу немесе қыл­мыс­­ты ашу үшін біраз уақыт жоғалтады.

«102» қосымшасының ар­тық­шылығы – оқиғалар туралы қысқа хабарламалар мен фото, видео жіберу мүмкіндігі және оқиға орнынан тікелей бей­неқоңырау шалуға болады, бұл ЖБО операторына не болып жатқанын көруге және дереу тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Қосымша арқылы сыбайлас жемқорлық, полиция қызметкері тарапынан жасалған бопсалау фактісіне тап болған жағдайда ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік қыз­ме­тіне де жүгінуге болады. Қо­сым­шаның көмегімен полиция же­дел әрекет етіп, қылмыстарды ашу­дағы тиімділік артқаны бай­қа­лады. Бастысы – көптеген құқық бұзу­­шылықтың алдын алуға жол ашылыпты.

«Егер өзіңізге немесе өзге­лер­ге қауіп төніп тұр деп ойла­саңыз, мас адамның рульге отыр­­ғанын көрсеңіз, зорлық-зом­былықтың куәсі болсаңыз, жан­уар­ларға қатыгездік жасалып жат­қанын көрсеңіз, күдік­ті адамды байқасаңыз, дереу хабар­лаңыз. Тек бірлескен күш-жігерімізбен ғана құқық бұзу­шылыққа төзбейтін және қауіпсіз қоғам құрамыз», дейді ІІМ Ақпараттандыру және байланыс департаментінің бас маманы Әділ Сәрсенов.

Бұл жүйеге келіп түскен хабар­ла­маларды жедел басқару орта­лы­ғы­ның 300 операторы, Ішкі істер органдары құры­лым­­дарының 424 кезекші бө­лім­де­рін­дегі 1200 маман на­зарға алып, тиісті шаралар қол­ға алынады. Қосымша іске қо­­сылғаннан бері 1,2 миллион ха­барлама түскен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button