Хабар

«ҚазАвтоЖол» автоәуесқойларды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ филиалдары су тасқынына қарсы ауқымды іс-шаралар мен құрылыс маусымына дайындық жұмыстарын бастады.

Атап айтқанда, қазіргі уақытта әр өңірде су өткізу құбырларын қардан тазалап, ашу, көпірлердің арналарын тазарту, су тасқынына жол бермеу үшін инертті материалдарды дайындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа, мердігер ұйымдардың құрылыс маусымына дайындығы да тексерілуде. Құрылыс маусымы қолайлы ауа райының қалыптасуымен басталмақ.

“Республикалық маңызы бар жолдардағы кемшіліктерді жедел жою үшін жол қозғалысының барлық қатысушысын белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырамыз. Мәселен, жол бойында ақаулар анықталса (яғни жолаушылар, шұңқыр, жол жарығын, “гармошкаларды”, дұрыс орнатылмаған жол белгілерін, катафоттарды, жол бойындағы сервистің нашар болуын байқаса және т. б.) ұлттық компанияның Instagram @kazautozhol және фейсбуктегі (https://www.facebook.com/kazautozhol/ ) ресми парақшаларына фото / видео материалдарды жіберуді сұраймыз. Фото немесе бейне жазбаның қай учаскеге қатысты екенін міндетті түрде атап өту қажет. Сонымен қатар тәулік бойы жасайтын бірыңғай 1403 колл-орталығына жүгінуге болады; немесе ақпарат +77172648736 нөмірі бойынша да қабылданады. Біздің басты мақсатымыз – республикалық маңызы бар жолдардың қауіпсіз әрі жайлы болуын қамтамасыз ету”, – делінген хабарламада.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button