Хабар

Қазақтілді “Алиса” әзірленіп жатыр

Дыбыстық көмекші құралды ресейлік “Яндекс Алиса” компаниясы жасап шығарады.

Әзірленіп жатқан публицистикалық тіл корпусы ғылыми зерттеулер жүргізуге, тіл үйренуге және IT жобаларды дайындауға негіз болады, деп мәлімдеді Til-Qazyna ғылыми-практикалық орталығының директоры Ербол Тілешов.

“Қазақ тілінің ұлттық тіл корпусы министрлік тапсырмасымен публицистикалық тіл корпусын дайындап жатыр. Корпуста 5 миллион қор бар. Оның екі миллионы толық таңдалған. Бұл ғылыми зерттеулерге, тіл үйренуге, сондай-ақ, IT жобалар дайындауға негіз бола алады. Мұдай корпус тіл білімі институтында да дайындалып жатыр”, – деді орталық жетекшісі.

Ербол Тілешовтің айтуынша, публицистикалық корпус – тілдің дамуын, оның қаншалықты қолданыста екенін үнемі көрсетіп отыратын құрал. Мұнымен қатар, ол IT жобалар әзірленіп жатқанын айтты.

“Корпус Назарбаев университетінде ғана бар. Шетелде, неміс, орыс, чех, ағылшын филологиясы осы корпустарға қатты көңіл бөледі. Бұдан өзге ұлттық жоба аясында IT өнімдер әзірлейтін жобалар жүзеге асырылмақ. Солардың біреуін Ресейдің дыбыстық көмекші “Яндекс Алиса” компаниясы жүзеге асырады. Ол арқылы қазақ тіліндегі сөздерді танып, диалог құрып, сұрақтарға жауап беруге болады. Сондай-ақ, ол ақпарат таратуға арналған”, – деді Ербол Тілешов.

Орталық директоры қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтетін қосымшалардың қаралымы өсіп келе жатқанын айтты.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button