Хабар

Қазақстанның қай өңірінде жиі қылмыс жасалады?

Ең криминогенді өңірлерге Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Алматы облысы жатады.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 44,6 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл былтырға қарағанда 6,5%-ке аз. Өңірлер арасында Алматы қаласы – ең көп қылмыс орын алған қала атанды, деп хабарлады Aikyn.kz.

Жыл басынан бері 44 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Олардың 17,9 мыңы – ауырлығы орташа, 12,8 мыңы – ауыр, 6,8 мыңы – онша ауыр емес, 807-сі – аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар.2021 жылғы қаңтар-наурыз аралығында 47,7 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Былтырмен салыстырғанда елімізде құқық бұзушылықтар саны азайған.

Өңірлік бөліністе қылмыстық істердің басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген. Бұл аталған аралықта республика бойынша орын алған қылмыстың 22,2%-ін құрайды және былтырға қарағанда 26,6%-ке артық. Сондай-ақ, анти-лидерлер үштігіне Нұр-Сұлтан қаласы (4,3 мың қылмыс) және Алматы облысы (4,2 мың қылмыс) енді.

Еліміздегі өңірлер арасында ең аз қылмыстық құқық бұзушылық Қызылорда облысында тіркелген (972).

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button