Хабар

Қазақстандықтар елден жиі кете бастады

Азаматтардың басым бөлігі – 2,1 мың адам Қарағанды облысынан кеткен. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 37,5%-ға артық.

Ranking.kz деректері бойынша 2021 жылғы қаңтар-маусым аралығында елге 4,6 мың адам келді. Бұл 2020 жылғы көрсеткішке қарағанда 34,9%-ға аз.

Әлемдегі пандемияға қарамастан, Қазақстаннан 14,2 мың адам шетелге кетті, бұл өткен жылға қарағанда 29,3%-ға көп.

«2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін елден кеткендердің саны үнемі өсіп отырды. 2020 жылы шекаралардың жабылуына байланысты бұл көрсеткіш төмендесе де, биыл эмиграцияның өсу тенденциясы қайта жанданды», делінген зерттеуде.

16 жастан 59-62 жасқа дейінгі еңбекке жарамды халық саны 28,4%-ға, 3,7 мың адамға дейін, зейнеткерлер саны 20,9%-ға, 519 адамға дейін қысқарды.

«Өңірлерге келетін болсақ, азаматтардың басым бөлігі – 2,1 мың адам Қарағанды облысынан кетті. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 37,5%-ға артық. Екінші және үшінші қатарда Шығыс Қазақстан (1,8 мың адам, 12,6%) және Павлодар (1,5 мың адам, 18,8%) облыстары орналасқан. Қызылорда облысынан 32 адам шетелге қоныс аударды», деп атап өтті сарапшылар.

Қазақстанға келгендер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр. Жарты жыл ішінде оңтүстік астанаға 866 адам келді. Бұл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 0,9%-ға артық. Көшбасшы өңірлердің үштігіне Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласы кірді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button