Хабар

Қазақстандықтар қай елдерге жиі қоныс аударады

2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға 4,1 мың адам көшіп келген. Бұл – 2021 жылғы көрсеткіштен екі есеге көп.

Бұл туралы Ranking.kz сайты хабарлады .

Жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға 4,1 мыңнан астам адам көшіп келген. Бұл – былтырғы кезеңнен екі есе көп. Дегенмен 3 айда 5,3 мың адам көшіп кеткен. Бұл – былтырғы кезеңмен салыстырғанда 4,3%-ға аз. Қазақстаннан көшіп кетушілер саны кейінгі екі жыл қатарынан азайып келеді, – делінген материалда.

Өңірлер арасында Қарағанды облысынан ең көп адам шетелге көшкен – 681 тұрғын. Одан кейінгі орындағы Қостанай облысынан 645 адам, Павлодар облысынан 643 адам тұрғылықты елін ауыстырған.

Алғашқы тоқсанда көшіп келушілердің ең көп саны Маңғыстау облысында тіркелді – 1,3 мың адам. Былтырғы кезеңмен салыстырған 3,5 есе көп. Үздіктер үштігіне Алматы қаласы (595 адам) мен Алматы облысы (401 адам) енді. Елден кеткендердің ең көп бөлігі Ресей Федерациясын таңдаған – 4,1 мың адам (былтырғыдан 7% аз). Сондай-ақ 617 адам Германияға, 125 адам Польшаға, 89 адам АҚШ-қа, 57 адам Беларуске қоныс аударды, – деп жазылған сайтта.

Ал елге келушілердің негізгі көші Өзбекстаннан бағыт алыпты – 2 мыңнан астам адам. Бір жыл бұрын олардың саны 500-дің айналасында ғана болған. Екінші орында Ресей Федерациясынан келгендер тұр. Басылым мәліметінше, алғашқы 3 айда елге 810 ресейлік көшіп келген. Алғашқы бестікте Түркіменстан, Қырғыз Республикасы және Қытай бар.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button