Хабар

Қазақстандық1000 рет серіппе жаттығуын жасап,рекордын жаңартты

Серіппе жаттығуынан балалар арасында әлемнің төрт дүркін рекордсмені 10 жасар Әмір Махмет Қазақстан Олимпиада құрамасын қолдау мақсатында 1000 рет серіппе жаттығуын жасап, өз рекордын жаңартты, деп хабарлайды BNews.kz.

Әмір кезекті рекордын Бурабайдағы «Бөлектау» шыңында жасады.

Бұл жетістікті Қуандық Құдайбергенов Қазақстан рекордтар кітабына тіркеді.Әмір алғашқы рекордын (450 рет) 2015 жылдың 1 маусымында Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған Street Workout жазғы маусымының ашылуында, екінші рекордын (30 секундта 50 рет) Street Workout-тан Ақмола облысы біріншілігінде, үшінші рекордын (550 рет) 2015 жылдың қыркүйегінде Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында, ал төртінші рекордын (60 минут «планка» ұстау) Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жек қарсаңында жасады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button