Хабар

Қазақстандық колледждерде қандай жаңа мамандықтар оқытылады?

БҒМ сұранысқа сай келмейтін 50 мамандық бойынша колледждерге қабылдауды тоқтатты.

Ведомство техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары мен біліктіліктерінің жаңа сыныптауышын әзірлеп, бекітті. Өзгерістер колледждерде оқытылатын мамандықтар еңбек нарығының қазіргі сұраныстарына сәйкес келуі үшін жасалған, деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.

Ендігі кезекте оқу процесіне сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламалары енгізіліп жатыр.

“Біздің басты мақсатымыз – білім беру бағдарламалары мен оқытылатын мамандықтарды жұмыс берушілердің заманауи сұраныстарына сәйкестендіру болып табылады. Сондықтан біз үлкен талдау жұмыстарын жүргізіп, еңбек нарығына мониторинг жүргіздік. Жұмыс берушілермен және салалық қауымдастықтардың өкілдерімен кездестік. Олардың ұсыныстарын ескере отырып, мамандықтар жіктеушісін жаңарттық”, – деді БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

Қазақстандық колледждерде келесі жаңа мамандықтар оқытылады:

  • Робототехника және ендірілген жүйелер;
  • Наноматериалдар негізіндегі бұйымдар технологиясы;
  • Өндірістің аддитивті технологиялары;
  • Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе;
  • Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері;
  • Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру;
  • Графикалық және мультимедиялық дизайн;
  • Тас өңдеу өндірісі;
  • Ландшафтық дизайн;
  • Жылжымайтын мүлікті басқару;
  • Дестинацияны басқару;
  • Құрылыстағы сметалық іс;
  • Еңбекті қорғау және технологиялық процестердің қауіпсіздігі және тағы басқа мамандықтар.

informburo.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button