Хабар

Қазақстандық әйелдердің көбі қай салаларда еңбек етеді?

Еңбек министрінің мәліметінше, Қазақстанда 4,3 млн әйел жұмыспен қамтылған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова үкімет отырысында Қазақстанда әйелдерді жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Министрдің мәліметінше, Қазақстанда жұмыспен қамтылған 4,3 млн әйел бар. Олар жұмыспен қамтылған барша халықтың 48 пайызын құрайды.

“Әйелдердің 35 пайызы – сауда және қызмет көрсету саласында, 32 пайызы – білім, денсаулық сақтау және ғылым саласында, 14 пайызы – өнеркәсіпте, құрылыста және көлікте, 9 пайыздан астамы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді”, – деді министр.

Ал ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың баяндауынша, мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 2010 жылы 52,7 пайызды құраса, 2022 жылы 55,4 пайызға дейін өскен, оның ішінде 39,2 пайызын басшы лауазымындағы әйелдер құрайды.

“Саяси лауазымдарда 59 әйел жұмыс істейді, олардың ішінде министрлер, агенттіктің, жоғары аудиторлық палатаның және конституциялық соттың төрағалары, облыстардың және қала әкімдерінің орынбасарлары да бар. Шағын және орта бизнестегі әйелдердің үлесі 2011 жылы 38,4 пайыз болса, 2021 жылы 44,6 пайызды құрады. Елімізде кәсіпорын басшыларының ішінде 30,8 пайызы – әйелдер”, – деп атап өтті Әлібек Қуантыров.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button