Хабар

Қазақстанда танымал ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады

Қазақстанда танымал ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінен кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты.

“Өңіраралық ынтымақтастық та үлкен практикалық табыс әкеледі. Жалпы тауар айналымы құрылымында біздің елдеріміз бен өңірлер арасындағы өзара тиімді сауданың үлесі шамамен 70%-ды құрайды. Қазақстан мен Ресейдің өнімді серіктестігі жаңа инвестициялық өсу нүктелерінің есебінен үнемі кеңеюде. Бүгін елдеріміздің цифрландыру, ғарышты игеру, атом энергетикасы саласында мамандар даярлау мәселелерін айтарлықтай ілгерілетуге мүмкіндік беретін бірқатар құжатқа қол қойылды”, – деп айтты Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанда инженерлік-техникалық бейіндегі жоғары білікті кадрлардың қажеттілігін ескере отырып, білім беру саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылғанын айтты.

“Бүгін мен құрметті Владимир Владимировичке Ресей Федерациясының ең танымал жоғары оқу орындарының филиалдарын, ең алдымен техникалық филиалдарын Қазақстанға жіберуге келіскені үшін ризашылығымды білдірдім. Олар біздің елімізде білім беруді дамытуға елеулі үлес қосады деп ойлаймын. Біз Қазақстандағы жетекші ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдар желісін кеңейту жөніндегі келісімді құптаймыз. Қазақстанда барлығына жақсы таныс филиалдар ашылады: МИФИ, Губкин атындағы университет, Бауман мектебі”, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының сөзінше, бұл білім беру мен өзара қолдау саласындағы өте маңызды прогресс.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button