Хабар

Қазақстанда пойыздағы төменгі орындар қымбаттайды

Кейбір коммерциялық пойыздардағы төменгі орындар 1 желтоқсаннан бастап 20 пайызға қымбаттайды. Бұл туралы “Қазақстан темір жолы” компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Жолаушылар тасымалы” АҚ 2022 жылдың 1 желтоқсанынан 2023 жылдың 28 ақпанына дейін Пилоттық режимде коммерциялық пойыздардағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру ақысына аталмыш тәсілді енгізеді. Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жолақы айырмашылығы 20 пайыз болады”, – делінген хабарламада.

Төменгі орындар төмендегі бағыттағы жолаушылар пойызында қымбаттайды:

№111/112 “Алматы – Маңғыстау”;
№51/52 “Алматы – Орал”;
№105/106 “Алматы – Петропавл”;
№71/72 “Астана – Шымкент”;
№29/30 “Алматы – Атырау”.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button