Хабар

Қазақстанда ең жиі кездесетін фамилиялар қандай

Қазақстанда ең көп тараған фамилия – Ахметов (а). Ол 66 091 адамда кездеседі, деп хабарлайды Ұлттық статистикалық бюро.

Рейтингтегі екінші орында Серік — 45 193. Үшінші позицияда — Омаров (а) тегі.

Қазақстанда бұл фамилия 40 322 адамда бар.

Төртінші орында Оспанов(а) – 36 142.

ТОП 5-те, сондай-ақ Әлиев(а) тегі бар, Қазақстандағы Әлиевтердің саны – 35 387.

Бұдан әрі көп таралғандардың ішінде Ким – 34 811, Сүлейменов(а) – 29 988, Марат – 28 008, Амангелді – 27 297 және Болат – 24 542 фамилиялары бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша Қазақстан халқының саны – 19 715 782 адам.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button