Хабар

Елімізде автомектептердің жауапкершілігі артады

Елімізде жүргізуші куәлігін беру үшін курсанттарды оқытып, үйрететін автомектептердің қызметіне жүктелетін міндеттер арта түспек. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин мәлім етті.

«Жүргізуші куәлігін беру процесін қатаңдату шарасы мамандандырылған ХҚО-ның жұмысына тікелей әсер етеді. Оған дәлел – жуырда Шымкентте болған оқиға. Оның видеосы желіде тарады. Қазір бірінші мәрте сынақтан өте алмаған курсантқа қайта мүмкіндік беріледі. Араға 7 күн салып емтиханды қайта тапсыра алады. Жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер орта есеппен 3-5 рет емтихан тапсырып барып, өтіп жатады», деді Сүйеніш Әбділдин орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, егер курсант бірнеше санат бойынша жүргізуші куәлігін алғысы келсе, онда 7 күнді күтпей, сынақты күн сайын тапсыра алады.

«Осы орайда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзынсонар кезек пайда болып жатыр. Әрине, біз ХҚО жұмысын жетілдіру және автоматтандыру бойынша шара қабылдап жатырмыз. Бірақ ол аздық етіп отыр. Осыған орай біз Ішкі істер министрлігімен бірлесіп автомектептердің жауапкершілігін қатаңдату жағын қарап жатырмыз. Яғни, автомектептерде сынақ емтиханын енгізбекпіз. Аталған шара курсанттардың ХҚО-ға жеткілікті дайындықпен келіп, сынақтан бірден сүрінбей өтуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар орталықтардағы кезек саны азаяды», – дейді ол.

egemen.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button