Хабар

Қазақстанда Аналар және Әкелер күні деген қос мереке пайда болды

Енді елімізде екі мейрам – Аналар және Әкелер күні мерекесі бөлек-бөлек аталып өтеді. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.

Құжатта көрсетілгендей, Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісінде, ал Әкелер күні маусымның үшінші жексенбісінде мерекеленеді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, аталған мерекелік күндерді бекіту еліміздегі отбасы институтын нығайтуға ықпал етпек.

«Мерекелік күндердің тізбесіне «Аналар күні» және «Әкелер күні» мерекелерін енгізу Қазақстандағы отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал етеді. Мұндай мереке көптеген әлем елдерінде бар.

Жалпы, қоғам отбасынан бастау алады. Қазіргі уақытта мерекелік күндердің тізбесінде отбасы күні жыл сайын атап өтіледі. Дегенмен ата-ананың мәртебесін көтеру үшін ана мен әке мәртебесіне, әкелердің балаларымен уақытын көбірек өткізуіне ерекше көңіл аударғанымыз жөн. Осы күндердің символы ретінде халқымызда киелі саналатын ақ кимешек, ақ орамал, жеті ата ұғымдарын жандандыруды ұсынғымыз келеді. Яғни мереке күндерінде балалары анасына кимешек кигізіп, ақ орамал тарту етсе, әкелеріне жеті ата есімі жазылған қол еңбектерін сыйға беріп қуанта алады және ата-бабаға тағзым жасайды. Бұл ұсынымның да маңызы зор. Себебі өскелең ұрпақ ананың, ақ орамалдың киесін ұғынып, шежірені білу арқылы шыққан тегін, тарихын зерттеуге ынталанады,», – делінген министрліктің Telegram арнасында жарияланған хабарламада.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button