Хабар

Қазақстанда қай қалада әйелдер көп тұрады?

Қазақстанда әйелдердің өмір сүру ұзақтығы артып келеді. Сондай-ақ, қай қалада әйелдер көп тұратыны анықталған, – деп хабарлайды novoetv.kz Ұлттық статистика бюросының деректеріне сілтеме жасап.

1 ақпандағы кейінгі мәліметтер бойынша елімізде 10 118 282 әйел тұрады, оның 6,3 миллионы қалалық жерде, 3,7 миллионы ауылды жерлерде тұрады. Өңірлер арасында әйелдердің саны бойынша Алматы қаласы (1 157 823), Түркістан (1 040 069) және Алматы облыстары (753 562) көш бастап тұр.

Қазақстандық қыз-келіншектердің орташа жасы 33,7 жас болады. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2,6 жылға өскен. Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы пандемия болған 2020-2021 жылдардан кейін қайтадан өсе бастап, 78,3 жасқа жетті.

Еңбек нарығында 4 302,6 мың әйел жұмыспен қамтылған. Олардың басым көпшілігі білім беру саласында, яғни 851 мың, тағы 828 мыңы көтерме немесе бөлшек саудамен айналысады, 451 мыңы ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында. 401 мың әйел денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында, тағы 328 мыңы өнеркәсіп секторында жұмыс істейді. 74 мың әйел өнер, ойын-сауық және демалыс саласында жұмыс істейді.

Айта кетейік, 849 мың әйел – жеке кәсіптердің басшысы, бұл тіркелген ЖК-нің жалпы санының 53,5 пайызы болады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button