Хабар

Қазақстанда құрбан шалуға тапсырыс беретін сайт іске қосылды

Ірі қара малын бір адам немесе 7 адам бірігіп шалуына болады. Қой мен ешкіні жеке бір адам шалады.

Биыл Қазақстанда құрбандық шалу рәсімі онлайн және офлайн форматта өтеді. Осы орайда ел азаматтары, әсіресе, қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында рәсімді қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

Құрбандық шалуға онлайн тапсырыс берудің шарттары:

1. qurban2022.kz сайтына кіріп Құрбан шалу ұяшығына өтесіз. Өз өңіріңізді таңдап, аты-жөніңіз бен телефон нөміріңізді қалдырасыз.
2. Келесі ұяшыққа өтіп, құрбандық малын таңдайсыз. Ірі қара малын бір адам немесе 7 адам бірігіп шалуына болады. Қой мен ешкіні жеке бір адам шалады.
3. Құрбандық малын таңдаған соң жіберу батырмасын басасыз. Осыдан кейін сіздің тапсырыс нөміріңіз бен төлем жасау туралы ақпарат шығады. Осы жерде көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аударасыз. Төлем барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті. Осылайша онлайн режимде құрбандық шалуға тапсырыс беріп, рәсімдей аласыз.

“Құрбандық шалынғандығы жөніндегі фото және бейне есебі өзіңіз көрсеткен WhatsApp нөміріне жіберіледі. Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: +7 7172 33 30 30”, – деді басқарма мамандары.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button