Хабар

Қазақстан суицид бойынша 20-орында тұр

ДДҰ статистикасына сәйкес, Қазақстан суицид саны бойынша 20-орында тұр, ал 10-19 жас аралығы бойынша 10-орынға тұрақтаған, деп хабарлайды egemen.kz.

Бес жыл бұрын ДДҰ өз-өзіне қол салудың алдын алу үшін әлемдік деңгейде өз бастамасын іске қосты. Бір немесе бірнеше суицид туралы БАҚ хабарларына тікелей байланысты жүзден астам зерттеулер жүргізілген. Мамандар өз-өзіне қол салуды кеңінен жариялау қосымша суицидтік мінез-құлық қалыптастыратынын айтуда. Өз-өзіне қол салудың қазіргідей таралуы және құрбан болғандардың туыстарынан сұхбат алу, суицидтердің егжей-тегжейлі сипатталуы оны қарапайым құбылыс ретінде қабылдауға итермелейді», деді Қазақстан Медиа альянсы «БАҚ-тың суицидті жауапты жариялауы» атты панельдік сессияда.

Сондықтан бұл жерде БАҚ-тың, блогерлердің, көшбасшылардың рөлі өте жоғары екенін айтты. Мұндай оқиғаларды жариялауда үлкен жауапкершілік таныту керек.

2021 жылы Қазақстанда суицидтің 3922 жағдайы тіркелген.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі былтырдан бері бүкіл өңірде кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бағдарламасын енгізе бастады. Бағдарлама 6 өңірде қарқынды іске асырылып жатыр.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button