Хабар

Қазақстан бірінші ТМД елдерінің ойындарына қатысады

4-11 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында бірінші ТМД елдерінің ойындары өтеді.

Бәсекеге 10 мемлекеттен 2 мыңнан астам делегат келеді. Қатысатын мемлекеттер: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Ресей Федерациясы. Сонымен қатар 1 200 волонтер (ерікті) мен 460 төреші қатысады. 16 спорт түрінен 184 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

Спорт түрлері:

  • бадминтон,
  • 3х3 баскетбол,
  • бокс,
  • үстел теннисі,
  • белбеу күресі,
  • дзюдо,
  • кураш,
  • самбо,
  • еркін және грек-рим күресі,
  • каратэ,
  • тай боксы,
  • нысана көздеу,
  • стенд ату,
  • би спорты,
  • футзал,
  • көркем гимнастика.

ТМД елдерінің сайысын боксшылар 2 қыркүйекте бастайды. 10 елдің 159 былғары қолғап шебері 26 жүлде жиынтығын өзара бөліседі. Сонымен қоса каратэ, самбо мен нысана көздеуден 10 мемлекеттің атлеттері жарыс жолына шығады.

Айта кетейік, бұл дода былтыр тамызда өтуге тиіс болған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты ТМД елдерінің ойындары бір жылға кейінге шегерілді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button