Хабар

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті.

Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті.

Волейболдан әйелдер командалары арасындағы Азия чемпионатында топтық кезең матчтары аяқталды. Қорытынды ойында Жаңа Зеландия құрамасын ұтқан еліміздің қыздар құрамасы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды BNews.kz.

Жаңа Зелендиямен өткен кездесуде қазақстандық волейболшылар 25:17, 25:17, 25:16 есебімен үш партияда да оқ бойы озық болды.
Осылайша, Елена Павлованың командасы топтық кезеңдегі үш матчта екі рет жеңіске жетті. 6 ұпай жинаған Қазақстан командасы «В» тобында Қытай құрамасын алға жіберіп, екінші орынға тұрақтады.
Естеріңізге сала кетейік, турнирдің алғашқы матчында қазақстандық қыздар Гонконг құрамасын 3:1 есебімен ұтып, ал тартысқа толы екінші ойында Қытайға 0:3 есебімен ұтылды.
Плей-оффта еліміздің волейболшы қыздары Оңтүстік Корея және Қытайлық Тайпей командаларына қарсы ойнайды. Қазақстан құрамасының ширек финалдағы қарсыласы аталмыш матчтардың қорытындысы бойынша анықталатын болады. Азия чемпионаты 31 шілдеде аяқталады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button