Хабар

Қарағандылықтарға су айдындарындағы тәртіп ережелері туралы ескертілді

1 маусымнан бастап Қарағанды облысында шомылу маусымы басталады. Өңірде ресми түрде шомылуға арналған 83 орын анықталды. Атап айтқанда, Қарағандыда Федоров су қоймасының қалалық жағажайында және Орталық мәдениет және демалыс саябағының көлінде шомылуға рұқсат етілген.

Құтқарушылар атап өткендей, адамдар жабдықталмаған және оған арналмаған жерлерде: жабайы жағажайларда, жасанды су айдындарында шомылған кезде суға батып кететін жайттар жиі кездеседі.

“Көптеген тұрғындар ыстық күндердің басталуымен су қоймаларына асығады. Есте сақтау керек, олардың барлығы жүзу үшін жабдықталмаған. Шомылуға арналған орындар құтқару бекетімен, балалардың шомылуына арналған учаскемен (тереңдігі – 1,2 метрден артық емес), дауыс зорайтқыш құрылғылармен және телефон байланысымен, қарау мұнарасымен, сондай-ақ кезекші медициналық персоналы бар және қажетті құрал-саймандармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған үй-жаймен жабдықталуы тиіс”, – деп хабарлады ТЖД.

Алдағы шомылу маусымы қайғылы оқиғаларсыз өтуі үшін Қарағанды облысы ТЖ Департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Келесі әрекеттерге жол берілмейді:

  • суға кіруге және алкогольдік және есірткілік мас күйінде шомылуға;
  • қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;
  • тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;
  • жүзу шекарасын белгілейтін құрылғылардан асып өтуге;
  • жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
  • су айдындарын ластауға және қоқыстауға;
  • жағалауда және киім ауыстыратын бөлмелерде демалушыларға жарақат әкелуі мүмкін қоқыстарды қалдыруға;
  • жалған дабыл қағып айқайлауға;
  • техникалық және ескерту белгілеріне көтерілуге;
  • балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге.

Қажет болған жағдайда кәсіби көмек көрсетілетін белгіленген орындарда шомылуға кеңес береміз.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button