Хабар

Қарағандылық әртістер көкпар бойынша республикалық турнирге қатысады

Қарағанды облысының әртістері алғаш рет көкпардан республикалық ұлттық турнирге қатысады. Таразда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Өнер көкпары» өтеді.

Жарысты ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы. Жоба үйлестірушісі – Досымжан Таңатаров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дарынды жастар мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

“Жобаның ұйымдастырылуындағы негізгі мақсат – елге белгілі өнерпаздар арқылы ұлттық спортымызды халыққа кеңінен насихаттау. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры», ұлттық кодты жетілдіруді ұлттық спорт арқылы дамытуға шама-шарқымыз келгенше үлес қоссақ деген ниет. Сонымен қатар, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бұқаралық спортты дамыту туралы айтқан ойын насихаттап, өз үлесімізді қоссақ дейміз. Бұрын ат мініп көрмеген, бірақ ата-бабасы ат үстінде өткен талай жігіт біздің қатарымызға қосылып жатыр. «Өнер көкпарында» алты команда өнер көресетеді. Негізі қазіргі әлемдік жағдайдың тұсау болып тұрғаны болмаса, команда қатары мұнан да көп болар еді”, – дейді Досымжан Таңатаров.

Турнирге Қарағанды, Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының атақты адамдары қатысады. Қатысушылар арасында композитор Бауыржан Есебаев, белгілі актер Мадияр Серікбаев, кино жұлдыз Тәуекел Мүсілім, «Қазақстан Дауысы» жобасының жеңімпазы Шахризат Сейдахмет, әншілер Бағлан Әбдірайымов, Серік Ибрагимов және т.б. бар.

Qaraģandy атты Қарағанды облысының команда құрамы:

1. Ерік Тезекбаев – тамада (команда капитаны).

2. Данияр Дүйсенбаев – әнші, тамада.

3. Бауыржан Жанатов – әнші.

4. Қуаныш Советов – әнші.

5. Дәурен Айтжанов – әнші, тамада.

6. Сұлтан Тілеубеков – әнші.

7. Асан Әбдіразақов – күйші.

8. Ерлан Сепкрай – әнші.

9. Әмірхан Беркінбаев – тамада.

10. Айдос Садық – режиссер, блогер.

Жетекшісі – әнші, композитор Саят Әбдіғали.

Командалар екі топқа бөлінеді. Әр команда 10 адамнан тұрады. «Өнер көкпары» республикалық турнирі Qazsport телеарнасында көрсетіледі. Жобаның демеушісі – Altais Group.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button