Хабар

Қарағандыда дезинсекция жұмыстары жүргізілуде

Қарағандының екі ауданында «GioTraid» ЖШС мердігер ұйымы зиянкестермен күресу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Арнайы химиялық заттардың көмегімен масалар мен шіркейлер жойылуда.

Жұмыс үш кезеңде өтеді.

“Қазыбек би ауданында бірінші кезең 26 сәуір мен 5 мамыр аралығында өтті. Федоровка су қоймасы, Бұқпа өзенінің арнасы және Университет және Мұқанов көшелерінің қиылысындағы иесіз су қойма, Сарыарқа көшесіндегі Бұқпа өзенінің арнасы, Академический – Потанин көшелері ауданындағы иесіз су қойма аудандары өңделді. Жұмыстың екінші кезеңі қолайлы ауа райы жағдайында – бұл қатты жел мен жаңбырдың болмауы – 5–15 маусым аралығында өтеді деп жоспарланып отыр. Ал үшіншісі – 5–15 шілде аралығында жүргізіледі. Ә.Бөкейхан ауданында мамырдың 5-і мен 13-і аралығында жеті иесіз су қоймада, сондай-ақ 14-шағын аудандағы саяжайда дезинсекциялау жұмыстары жүргізілді. Екінші кезең 2–3 маусымда басталады, үшінші кезең шілдеде өтеді”, – деп хабарлады Қарағанды қаласының әкімдігі.

Жұмыстарды мамандандырылған дезинфекторлар тобы ыстық және суық тұман құрылғыларымен жүзеге асырады.

Жалпы дизенсекция иесіз су қоймалар мен таяз суларда жүргізіледі. Өңделетін жалпы аумақ, Қазыбек би ауданында 157 мың шаршы метрді және 295 мың шаршы метр. м., Ә. Бөкейхан ауданында 295 мың шаршы метр.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button