СпортХабар

Қарағандыда алғаш рет үстел теннисінен рейтингтік халықаралық турнир өтеді

Қазақстан алғаш рет үстел теннисінен 2021 ITTF Kazakhstan International Open халықаралық турнирін өткізеді. Жарыс 15-19 қыркүйек аралығында Қарағанды үстел теннисі орталығында өтеді.

Шараға Австрия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және Қазақстаннан 70-тен астам спортшы қатысады. Турнир көрермендерсіз өтеді. Доданы Qazsport телеарнасы ITTF халықаралық федерациясының ресми сайты тікелей эфирде көрсетеді.

“Бұл біздің еліміздегі үстел теннисі бойынша алғашқы халықаралық шара емес. 2017 жылы Нұр-Сұлтанда әлемнің ең мықты спортшыларының қатысуымен ITTF World Tour Grand Finals халықаралық турнирі өтті. Биылғы жылы Үстел теннисі федерациясы Халықаралық федерация қамқорлығымен беделді турнирлер ұйымдастыру бойынша ұзақ мерзімді жоспарлары барын мәлімдейді. Біз жыл сайын Kazakhstan Open өткізуді жоспарлап отырмыз, оның үстіне Қарағанды орталығы барлық әлемдік стандарттарға жауап береді және кез келген деңгейдегі жарыстарды өткізуге қабілетті”, – дейді Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин.

Ауданы 4 мың шаршы метрден асатын Saryarka орталығында 18 теннис үстелі бар ойын залы және 9 теннис үстелі орнатылған жаттығу залы бар. Кешенді дайындық үшін жаттығу залдары, медициналық кабинет, спортшыларға арналған демалыс бөлмелері, төрешілер мен бапкерлер бөлмелері, конференц-залдар мен фуд-корт жабдықталған.

Жүлде қоры 30 мың USD болатын беделді жарыс ТМД елдері аумағындағы ITTF халықаралық үстел теннисі федерациясының биылғы жылғы жалғыз рейтингтік турнирі болып табылады.

Қазақстан құрамасы сапында екі Олимпиада ойындарының қатысушысы және құрама көшбасшысы Кирилл Герасименко өнер көрсетеді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button